ШЫМКЕНТТЕ ДІНИ КЕЛІСІМ МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Бүгін Шымкент қаласындағы Достық үйі ғимаратында Шымкент қаласы Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен діни бірлестіктер мен этнос өкілдерінің қатысуымен семинар-конференция өтті. Іс-шара барысында басқарма басшысы С. Әбілхаиров құттықтау сөз сөйлеп, қоғамдағы діни тұрақтылықты сақтау, азаматтардың діни сауаттылығын арттыру және жастарды радикалды ағымдардың ықпалынан қорғау мәселелеріне ерекше назар аударды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тарапынан жүктелген…
