ШЫМКЕНТТЕ «ОТАУ IQ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ САЙЫСЫ ӨТТІ

Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен, Жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен 13 қыркүйек – Отбасы күніне орай «Бақыт мекені» жобасы аясында жас отбасылар арасында «ОТАУ IQ» интеллектуалдық сайысы өтті.

Сайыс отбасылық құндылықтарды дәріптеуге, ерлі-зайыптылар арасындағы өзара түсіністік пен сыйластықты нығайтуға бағытталды.

QUIZ форматындағы сайыс 6 кезеңнен және 42 зияткерлік, логикалық әрі танымдық сұрақтан тұрды. Қатысушылар тапсырмаларды отбасымен бірге талқылап, бір команда ретінде бақ сынады.

Сайыс қорытындысы бойынша:

🥇 I орын – Уәлхановтар отбасы;
🥈 II орын – Пазылдар және Шәріпбайлар отбасылары;
🥉 III орын – Ділдәбековтар, Шаниязовтар және Мансуровтар отбасылары иеленді.

Жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Мықты отбасы – берік қоғамның негізі!