ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА ЕРЕКШЕ БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлердің экономикалық әлеуетін нығайту, инвестиция тарту, өндіріс орындарын көбейту және халықты тұрақты жұмыспен қамту бағытындағы міндеттерге ерекше назар аударып келеді. Осы тапсырмалар аясында Түркістан облысында инвестициялық ахуалды жақсарту, жаңа өндірістерді іске қосу және индустриялық инфрақұрылымды дамыту бойынша ауқымды жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.

Бүгінде өңірде инвестициялық жобаларды сапалы іске асыруға басымдық беріліп, өнеркәсіптік әлеуетті арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл бағыттағы бастамалар экономиканы әртараптандыруға, өндіріс көлемін ұлғайтуға, кәсіпкерлікті қолдауға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беруде.

Түркістан облысының инвестициялық дамуының маңызды тетіктерінің бірі – «TURAN» арнайы экономикалық аймағы. Арнайы экономикалық аймақ аясында өндірістік кәсіпорындар ашылып, экспортқа бағдарланған жобалар іске асырылып, өңірге отандық және шетелдік инвестициялар тартылуда. Нәтижесінде өнеркәсіп саласының қарқыны артып, өңірдің экономикалық әлеуеті нығайып келеді.

Сонымен қатар Түркістан қаласы, Сауран, Кентау, Сайрам және Отырардағы индустриялық аймақтарды дамыту жұмыстары да жүйелі жалғасуда. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жетілдіру, өндірістік алаңдарды қажетті ресурстармен қамтамасыз ету және инвесторлар үшін қолайлы жағдай қалыптастыру бағытындағы жұмыстар өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға оң әсерін тигізуде.

Облыста инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде олардың тиімділігі мен мерзімінде орындалуына ерекше көңіл бөлінуде. Сонымен қатар өндірістік аймақтарды кеңейту, инфрақұрылымды жаңғырту, инвестициялық қызметтің тиімділігін арттыру және инвесторлармен өзара ынтымақтастықты нығайту бойынша нақты шаралар қабылдануда.

Жалпы, Түркістан облысында жүзеге асырылып жатқан инвестициялық саясат жаңа өндірістердің ашылуына, экономиканың тұрақты өсіміне, тұрғындарды жұмыспен қамтуға және өңірдің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға берік негіз қалыптастырып келеді.