AMANAT: ФРАКЦИЯ ОТЫРЫСЫНДА МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

Шымкент қаласы мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының кезекті отырысы өтті. Жиынға фракция жетекшісі Талғат Балтабаев төрағалық етті.
Отырыста қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Атап айтқанда, 2026–2028 жылдарға арналған қалалық бюджетке өзгерістер енгізу, ауыл шаруашылығы және ветеринария, мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер салаларындағы атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалды. Сонымен қатар, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету, цифрландыру бағытындағы жұмыстар, амбулаториялық деңгейде тегін медициналық көмек көрсету және әлеуметтік қолдау шараларын жетілдіру мәселелері талқыланды.


Бұдан бөлек, қала әкімдігі жанындағы бірқатар ведомствоаралық комиссиялардың құрамын бекіту, әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына өзгерістер енгізу және Шымкент қаласының Құрмет грамотасымен наградтау мәселелері қаралды. Сондай-ақ мәслихаттың кезекті сессиясын өткізу жоспары пысықталды.
Жиын қорытындысы бойынша фракция мүшелеріне бірқатар нақты міндеттер жүктелді. Атап айтқанда, бекітілген бағыттар бойынша жұмыстардың уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ету, атқарылып жатқан жұмыстар туралы қалалық партия филиалына тұрақты түрде ақпарат ұсыну тапсырылды. Ал орындалу тәуекелі бар мәселелер алдағы фракция отырыстарында қаралып, тиісті шешімдер қабылданатыны атап өтілді.

AMANAT