🔹Шымкент қалалық «Қоғамдық келісім» КММ жанындағы «Барбанг» күрді этномәдени бірлестігінің мүшелері мен қалалық белсенді жастардың қатысуымен «Жаңа Конституция – ел болашағының бастауы» тақырыбында пікір алмасу алаңы өтті.
🔹Іс-шараның мақсаты – Конституцияның қоғам өміріндегі айрықша маңызын кеңінен насихаттау, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру, заң үстемдігі қағидаттарын дәріптеу және жастардың ел болашағына деген жауапкершілік сезімін нығайту.
🔹Кездесуді қалалық «Барбанг» күрді этномәдени бірлестігінің төрағасы Исмат Камалович Сулейманов модератор ретінде жүргізді. Ол өз сөзінде Конституцияның мемлекеттің орнықты дамуы мен қоғамдық келісімнің берік тұғыры екенін атап өтіп, Ата Заңның әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі ғана емес, елдің бірлігі мен тұрақты дамуының басты негізі екеніне тоқталды.
🔹Баяндамашылар Айлин Камрановна Мусаилова мен Тахир Камалович Сулейманов Конституцияда айқындалған негізгі қағидаттар, азаматтық жауапкершілік, заңға құрмет және құқықтық сананы қалыптастыру мәселелері төңірегінде мазмұнды баяндама жасады. Сондай-ақ олар жастардың қоғамдық белсенділігі мен елдің өркендеуіне қосар үлесінің маңыздылығын ерекше атап өтті.
🔹Пікір алмасу барысында қатысушылар Конституцияның қоғам өміріндегі рөлі, заң талаптарын сақтау мәдениеті және ортақ құндылықтарды дәріптеу мәселелері жөнінде өз ой-пікірлерін ортаға салып, мазмұнды әрі тағылымды диалог өрбітті. Кездесу құқықтық сауаттылықты арттыруға, азаматтық жауапкершілік пен қоғамдық келісім құндылықтарын нығайтуға ықпал етті.
Шымкент қаласы ішкі саясат басқармасының
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

