Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті мен Энергетика және байланыс колледжінде жастардың қатысуымен қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік құндылықтарын насихаттауға бағытталған ақпараттық-түсіндіру кездесулері өтті.
Кездесулерге Шымкент қаласы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ қызметкері Н. Абдукаримов, Шымкент қаласы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ теологы Н. Аманкелді және Жастар ресурстық орталығының маманы Ж. Аязбек қатысты.

Іс-шара барысында жастар арасында қоғамдық келісімді нығайту, жалпыұлттық бірлік пен өзара құрмет құндылықтарын дәріптеу, діни сауаттылықты арттыру және қоғамдағы тұрақтылықты сақтау мәселелеріне назар аударылды.
Сонымен қатар, жастардың бойында азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру, толеранттылық пен өзара түсіністікті дамыту, түрлі көзқарастарға құрметпен қарау мәдениетін орнықтырудың маңыздылығы атап өтілді.
