ЭТНОСАРАЛЫҚ КЕЛІСІМДІ САҚТАУ – ОРТАҚ ІС

🔹Бүгін Шымкент қаласы ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесі жанындағы ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері Қаратау ауданы Сайрам тұрғын алабында кездесу өткізді.

🔹Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту бағытында атқарылған жұмыстар мен алдағы межелі міндеттер айтылған жиында Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Б.Жалмұрзаев, Қаратау ауданы әкімі аппаратының бас маманы Б.Әділханов, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мекемесінің теолог маманы Н.Әбдіманап, Сайрам тұрғын алабы биінің орынбасары Б.Шерметов, жергілікті учаскелік полиция қызметкері Ш.Хасанов, Қаратау аудандық өзбек этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Д.Ярметова, Қаратау ауданы ардагерлер ұйымы төрағасының орынбасары Б.Исмаилова сынды азаматтар мен белсенділер сөз сөйлеп, өз ойларын жеткізді.

🔹Кездесуде этносаралық татулықты бекемдеу, тұрғындардың құқықтық мәдениетін көтеру жайы айрықша айтылып, мәдени әралуандық пен этносаралық келісімді нығайту жайы баяндалды.

🔹Жиын соңында топ мүшелері қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріп, жас буынның тәрбиесіне назар аудару, құқықтық мәдениеттi арттыру, азаматтар арасындағы өзара түсіністікті бекемдеу туралы пікір алмасты.