🔹Бүгін қалалық Достық үйінде этнос өкілдерінің балалары мен жасөспірімдеріне арналған «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасының қорытынды байқауы өтті.
🔹Байқауға Шымкент қаласында тұратын 7-17 жас аралығындағы этнос өкілдерінің балалары мен жасөспірімдері қатысып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін танытты. Жобаға қатысу үшін 20-ға жуық өтініш келіп түсті.
🔹Жоба аясындағы қорытынды байқау «Мәнерлеп оқу» және «Бірлікке үн қосқан» номинациялары бойынша ұйымдастырылды.
🔹Қорытынды кезеңде қатысушылардың өнері мен шығармашылық жұмыстары арнайы құрылған әділқазылар алқасының бағалауынан өтіп, байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды.
🔹«Бірлікке үн қосқан» музыкалық номинациясы бойынша:
🥇 1-орын – Абдурахман Темиз
🥈 2-орын – Қайрат Хван
🥉 3-орын – Дурдона Бахтиярова
🔹«Мәнерлеп оқу» номинациясы бойынша:
🥇 1-орын – Малика Юлдашова
🥈 2-орын – Айсу Насипова
🥉 3-орын – Сабрина Махмуджанова
🔹Байқаудың бас жүлдесін Абдурахман Темиз иеленіп, Астана қаласында өтетін гала-концертке жолдама иеленді.
🔹Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Жас таланттарға шығармашылық табыс, жаңа белестер мен жарқын жетістіктер тілейміз!
Шымкент қаласы ішкі саясат басқармасының
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
