Бүгін Шымкент қаласының «Достық үйі» ғимаратында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Медиация кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Жиынды Медиация кеңесінің төрайымы, кәсіби медиатор Дана Ақәділқызы Кенжеқұлова ашып, жүргізді.

Отырыс барысында медиация институтын дамыту, қоғамдық келісім мен этносаралық келісімді нығайту, дау-дамайлардың алдын алу және оларды бейбіт жолмен шешу тетіктерін жетілдіру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ медиаторлардың жұмыс тиімділігін арттыру, тұрғындар арасында медиация мәдениетін қалыптастыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға талдау жасалып, алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалды.

Кеңес мүшелері қоғамдағы тұрақтылықты сақтау мен өзара түсіністікті нығайтуда медиацияның рөлі ерекше екенін атап өтіп, азаматтар арасындағы дауларды сотқа жеткізбей шешудің маңыздылығына тоқталды.
Іс-шара қорытындысында қатысушылар ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, медиация саласындағы өзара ынтымақтастықты одан әрі дамыту бағытында нақты бастамалар көтерді.

