ЖАМБЫЛ МҰРАСЫ – ҰРПАҚҚА ҰЛАҒАТ

🔹Бүгін Шымкент қаласындағы Достық үйінде қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған тағылымы мол шығармашылық кеш өтті. Іс-шараның басты мақсаты – ақынның бай әдеби мұрасын насихаттау, жастардың рухани дүниесін байыту және ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттыру.

🔹Кешке философия ғылымдарының кандидаты, М.Әуезов атындағы ОҚУ-дің «Саясаттану» кафедрасының доценті Саипжамал Корганова, Шымкент қаласы «Қоғамдық келісім» КММ-нің «Жастар саясаты және тілдерді дамыту» бөлімінің басшысы Азиза Исаева, сондай-ақ қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының жастары қатысты.

🔹Іс-шара барысында қатысушылар ақынның өмір жолымен танысып, оның шығармашылығындағы елдік, ерлік, бірлік пен адамгершілік тақырыптарының маңызын кеңінен талқылады. Жастар Жамбыл Жабаевтың жүрекке жетер жырларын жатқа оқып, қазақ поэзиясына деген құрметін білдірді.

🔹Кездесу барысында спикерлер Жамбыл мұрасының бүгінгі қоғамдағы рухани маңызына тоқталып, оның шығармалары ұрпақ тәрбиесінде ерекше орын алатынын атап өтті. Сонымен қатар, ұлттық әдебиет арқылы жастардың отансүйгіштік сезімін қалыптастырудың өзектілігіне назар аударылды.