ШЫМКЕНТ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНДЕ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Шымкент медициналық колледжінде жастар арасында этносаясаттың негізгі бағыттарын түсіндіру, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты нығайту, сондай-ақ діни сипаттағы жат ағымдардың алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

Кездесу барысында жастарға этносаралық татулық пен қоғамдық келісімнің маңызы, Қазақстандағы этносаясаттың негізгі қағидаттары, діни сауаттылықты арттыру және радикалды діни идеологияның алдын алу мәселелері жөнінде ақпарат берілді.

Іс-шараға Шымкент қаласы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің маманы Бектұрсын Омарбаев, қалалық Дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Самат Уәлихан, сондай-ақ, Жастар ресурстық орталығының Аутрич және NEET жастармен жұмыс бөлімінің маманы Нұржақсын Қармантай қатысты.

Кездесу барысында мамандар жастардың сұрақтарына жауап беріп, қоғамдағы тұрақтылық пен өзара құрметті сақтау, діни ақпаратты дұрыс қабылдау және күмәнді діни ағымдардың ықпалына түспеудің маңыздылығын түсіндірді.

Іс-шара жастардың құқықтық және діни сауаттылығын арттыруға, этносаралық келісім құндылықтарын дәріптеуге және қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға бағытталды.