МЕДИАЦИЯ – ҚОҒАМДАҒЫ ТАТУЛЫҚ ПЕН КЕЛІСІМНІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

🔹Бүгін Шымкент қаласының «Достық үйі» ғимаратында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Медиация кеңесінің кезекті отырысы өтті.

🔹Жиынды Медиация кеңесінің төрайымы, кәсіби медиатор Дана Ақәділқызы Кенжеқұлова ашып, жүргізді.

🔹Отырыс барысында медиация институтын дамыту, қоғамдық келісім мен этносаралық келісімді нығайту, дау-дамайлардың алдын алу және оларды бейбіт жолмен шешу тетіктерін жетілдіру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ медиаторлардың жұмыс тиімділігін арттыру, тұрғындар арасында медиация мәдениетін қалыптастыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға талдау жасалып, алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалды.

🔹Кеңес мүшелері қоғамдағы тұрақтылықты сақтау мен өзара түсіністікті нығайтуда медиацияның рөлі ерекше екенін атап өтіп, азаматтар арасындағы дауларды сотқа жеткізбей шешудің маңыздылығына тоқталды.

🔹Іс-шара қорытындысында қатысушылар ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, медиация саласындағы өзара ынтымақтастықты одан әрі дамыту бағытында нақты бастамалар көтерді.