«АБАЙ МҰРАСЫ – ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ» ПОЭЗИЯ КЕШІ ӨТТІ

🔹Бүгін қалалық Достық үйінде қалалық өзбек этномәдени бірлестігі жанындағы «Кітап сүйер» клубының ұйымдастыруымен ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасын насихаттауға арналған «Абай мұрасы – халық қазынасы» тақырыбында поэзия кеші өтті.

🔹Іс-шараның негізгі мақсаты – Абайдың шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау, жастардың қазақ әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру, кітап оқуға деген ынтасын қалыптастыру және рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеу.

🔹Кеш барысында жастар Абайдың поэзиялық шығармаларынан үзінділер оқып, ақынның қара сөздерін жатқа орындады. Ақынның адамгершілік, білім, еңбек, ғылым мен ізгілік туралы ойлары кеңінен насихатталды. Қатысушылар Абай шығармаларының мазмұны мен тәрбиелік мәніне тоқталып, ұлы ойшылдың мұрасының бүгінгі қоғам үшін маңызын атап өтті.

🔹Сонымен қатар іс-шара барысында көрермендер арасында танымдық куиз ойыны ұйымдастырылып, қатысушылар Абайдың өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтарға жауап берді. Жастардың белсенділігін арттыру мақсатында түрлі ойындар өткізіліп, қатысушылар өзара білімдерін сынады.

🔹«Абайдың мұрасы – қазақ халқының ғана емес, адамзаттың рухани қазынасына айналған құнды мұра. Ұлы ақын өз шығармаларында білім мен ғылымға ұмтылу, еңбек ету, адамгершілік пен адалдықты сақтау секілді баршаға ортақ құндылықтарды дәріптеді. Оның қара сөздері мен өлеңдері бүгінгі ұрпақ үшін де маңызын жойған жоқ. Жастардың кітап оқып, әдебиетке қызығушылық танытуы – рухани дамудың маңызды негіздерінің бірі. Сондықтан осындай мәдени-танымдық кездесулерді жиі өткізіп, жас буынның кітапқа деген қызығушылығын арттыру қажет. Абайды оқу – өзіңді тануға, білімге ұмтылуға және ой-өрісті кеңейтуге бастайтын жол. Барша жасты кітап оқуға, білім мен ғылымды игеруге шақырамын», – деді Тахирбек Нишанбаев.

🔹Аталған поэзия кеші жастардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, Абай мұрасын кеңінен насихаттауға және өскелең ұрпақтың рухани-мәдени құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған тағылымды шара болды.

Шымкент қаласы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

🔹🔹🔹

СОСТОЯЛСЯ ВЕЧЕР ПОЭЗИИ «НАСЛЕДИЕ АБАЯ — СОКРОВИЩЕ НАРОДА»

🔹Сегодня в городском Доме дружбы по инициативе клуба «Кітап сүйер» при городском узбекском этнокультурном объединении состоялся вечер поэзии на тему «Наследие Абая — сокровище народа», посвящённый популяризации творческого наследия великого поэта и мыслителя Абая Кунанбайулы.

🔹Основная цель мероприятия – широкая популяризация творческого наследия Абая, повышение интереса молодежи к казахской литературе, формирование интереса к чтению книг, а также пропаганда духовно-нравственных ценностей.

🔹В ходе вечера молодежь читала отрывки из поэтических произведений Абая, а также наизусть исполняла его «Слова назидания». Широко пропагандировались идеи поэта о нравственности, образовании, труде, науке и добродетели. Участники остановились на содержании и воспитательном значении произведений Абая, отметив актуальность наследия великого мыслителя для современного общества.

🔹Кроме того, в рамках мероприятия среди зрителей была организована познавательная викторина, в ходе которой участники отвечали на вопросы, посвящённые жизни и творчеству Абая. В целях повышения активности молодежи были проведены различные игры, позволившие участникам проверить свои знания.

🔹«Наследие Абая – это ценное достояние, ставшее духовным сокровищем не только казахского народа, но и всего человечества. В своих произведениях великий поэт пропагандировал общечеловеческие ценности – стремление к знаниям и науке, трудолюбие, нравственность и честность. Его «Слова назидания» и стихотворения не утратили своего значения и для современного поколения. Интерес молодежи к чтению и литературе является одной из важных основ духовного развития. Поэтому необходимо чаще проводить такие культурно-познавательные встречи и повышать интерес молодого поколения к книге. Чтение Абая – это путь к самопознанию, стремлению к знаниям и расширению кругозора. Призываю всех молодых людей читать книги, осваивать знания и науку», – сказал Тахирбек Нишанбаев.

🔹Данный вечер поэзии стал содержательным мероприятием, направленным на повышение интереса молодежи к литературе, широкую популяризацию наследия Абая и формирование духовно-культурных ценностей подрастающего поколения.

Пресс-служба КГУ «Қоғамдық келісім» управления внутренней политики города Шымкента