Түркістан облысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқықтық тәртіпті нығайту бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Осы мақсатта Түркістан облысы Полиция департаментінде құқық бұзушылықтың алдын алу тетіктерін жетілдіруге арналған жедел кеңес өтті. Кеңеске департамент басшысының орынбасары Бағланбек Айтпаев төрағалық етіп, құқық бұзушылық профилактикасы саласындағы жаңа заңнамалық өзгерістерді іске асыру мәселелері жан-жақты қаралды. Жиын барысында қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бес заңның бір жүйеге біріктірілгені атап өтілді. Бұл жаңашылдық құқықтық саясатты жетілдіруге, құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын жүйелеуге және құқық қорғау органдарының жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған. Жаңа заңдардың негізгі мақсаты – қоғамдағы қауіпсіздік деңгейін көтеру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіз ортада өмір сүруіне жағдай жасау. Осыған байланысты полиция қызметінің профилактикалық бағытына ерекше назар аударылып отыр. Кеңес барысында құқық қорғау органдарының өкілдері жаңа заңнамалық нормаларды тәжірибеде тиімді қолдану жолдарын талқылады. Сонымен қатар профилактикалық жұмыстардың сапасын арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алудағы кешенді тәсілдерді енгізу және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылды күшейту бойынша нақты ұсыныстар айтылды. Атап өту қажет, құқықтық саясаттың тиімді жүзеге асырылуы – қоғамдық тұрақтылық пен қауіпсіздіктің негізгі кепілі болып табылады. Осы тұрғыда құқық бұзушылықтың алдын алу тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті екені ерекше атап өтілді. Жалпы алғанда, Түркістан облысында жүзеге асырылып жатқан бұл бастамалар құқықтық мәдениетті арттыруға, қоғамдық тәртіпті нығайтуға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Жаңа заңнамалық өзгерістер құқық қорғау жүйесінің тиімділігін арттырып, өңірдегі құқықтық саясаттың сапалы деңгейге көтерілуіне ықпал етпек.
