ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БАЛАЛАРДЫҢ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ЕРЕКШЕ МӘН БЕРІЛУДЕ
Түркістан облысында балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру бағытындағы дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Өңірде оқушылардың қауіпсіз әрі сапалы демалысын қамтамасыз ету мақсатында кешенді шаралар қолға алынып, арнайы жоспарлар бекітілген. Бұл бағыт облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тұрақты бақылауында. Жазғы маусымды жоғары деңгейде өткізу үшін өңірлік ведомствоаралық штаб құрылып, 2026–2028 жылдарға арналған арнайы іс-қимыл жоспары әзірленді….

