ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА: ҚАЗЫҒҰРТТА ЗАМАНАУИ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ САЛЫНУДА
Түркістан облысында агроөнеркәсіп кешенін жаңғырту, ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру арқылы заманауи технологияларды енгізу, ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін ұлғайту және ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамту облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымдықтарының біріне айналды. Өңірде аграрлық секторды дамытуға бағытталған ірі жобалардың бірі Қазығұрт…

