Түркістан облысында өңірдің сәулеттік келбетін жаңғырту, құрылыс нысандарының сапасын арттыру және қала мен аудандардың абаттандыру жұмыстарын жүйелеу бағытындағы жұмыстар қарқын алып келеді. Бұл бастамалар өңірдің экономикалық және инфрақұрылымдық дамуына тікелей серпін беріп, жаңа жұмыс орындарын ашуға, инвестициялық тартымдылықты арттыруға ықпал етуде. Өңір әкімдігінде өткен кеңес отырысында облыс аумағындағы құрылыс нысандарының сәулеттік жобалары мен олардың өңірдің бірыңғай дизайн кодына сәйкестігі талқыланды. Жиынға қала және аудан әкімдері, жауапты басқарма басшылары, сәулетшілер мен жеке инвесторлар қатысты.Кеңес барысында Түркістан қаласында және өзге де аудандарда жүзеге асырылып жатқан бірқатар инфрақұрылымдық жобалар таныстырылды. Атап айтқанда, Тәуке хан даңғылы мен Байбұрт көшесін байланыстыру жобасы, Рәміздер алаңының сәулеттік шешімі, сондай-ақ Әкімшілік-іскерлік орталық аумағында салынатын мейрамхана мен қонақ үйдің жобасы қаралды. Сонымен қатар Түлкібас, Созақ және өзге де аудандарда орталық көшелерді абаттандыру, ғимараттардың қасбеттерін жаңарту және демалыс аймақтарын салу бағытындағы ұсыныстар пысықталды. Құрылыс нысандарының сапасы мен сәулеттік үйлесіміне баса назар аударылып, әрбір жобаның өңірдің тарихи және мәдени болмысымен үндес болуының маңыздылығы атап өтілді. Бұл бағыттағы жұмыстар тек қаланың сыртқы келбетін жақсарту ғана емес, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру, өңірдің туристік және инвестициялық әлеуетін дамытуға бағытталған. Жиын қорытындысында жауапты мамандарға жобаларды жетілдіру, абаттандыру жұмыстарын жандандыру және құрылыс сапасын бақылауды күшейту бойынша нақты тапсырмалар берілді. Түркістан облысында сәулет пен құрылыс саласындағы жүйелі даму – өңірдің экономикалық өсімін қамтамасыз етудің маңызды тетіктерінің бірі болып табылады. Инфрақұрылымдық жобалардың кезең-кезеңімен жүзеге асуы облыстың заманауи, көрікті әрі инвестицияға қолайлы өңір ретінде қалыптасуына жол ашпақ.
Әлемге көзқарасыңды өзгертетін Janalyqtar!
