Сарыағаш ауданы соңғы жылдары инфрақұрылымды жаңғырту мен елді мекендердің әлеуметтік келбетін жақсартуға ерекше назар аударып келеді. Бұл бағыттағы жұмыстар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақтандырып, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Аудан әкімі Арман Абдуллаевтың тапсырмасымен Ақжар ауылдық округіне қарасты елді мекендерде жүргізіліп жатқан жол жөндеу жұмыстарының барысы тексерілді. Сапалы жол – тұрғындар үшін қолайлы өмірдің кепілі екенін атап өткен аудан басшысы мердігер мекемелерге жұмыстың сапасы мен мерзімін қатаң қадағалауды тапсырды. Қазіргі таңда Бағыс елді мекеніндегі Алматы, Егемендік және Түркістан көшелерінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған жобаны жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, жалпы ұзындығы 1,24 шақырым жол бөлігінде құрылыс жұмыстары басталған. Жобаның мердігері – «ARTD GROUP» ЖШС. Жол инфрақұрылымын дамыту – өңір экономикасын әртараптандыру мен кәсіпкерліктің өркендеуіне серпін беретін маңызды бағыт. Сапалы жолдар тек көлік қатынасын жеңілдетіп қана қоймай, ауылдық аймақтарда сауда, қызмет көрсету және аграрлық сектордың дамуына мүмкіндік ашады. Бұл өз кезегінде шағын және орта бизнестің өркендеуіне, жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етеді. Сарыағаш ауданында соңғы уақытта әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жетілдіру, жол мен көше желілерін ретке келтіру жүйелі түрде жүзеге асуда. Бұл жұмыстар мемлекет басшысының өңірлік дамуды қолдау және экономиканы әртараптандыру жөніндегі тапсырмасына сай жүргізілуде. Жергілікті билік тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған жобаларды одан әрі жалғастыруды көздеп отыр. Осылайша, Сарыағаш өңірі біртіндеп өмір сүруге жайлы, заманауи инфрақұрылымы бар ауданға айналуда. Сарыағаш – дамудың жаңа кезеңінде!

