ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ КӨШЕТ ӨНДІРІСІНДЕ РЕСПУБЛИКАДА КӨШ БАСТАП ТҰР
Түркістан облысы орман шаруашылығы мен көгалдандыру саласында республикада көшбасшылық көрсетіп келеді. Қазіргі таңда өңірде 3 млн 472 мың гектар мемлекеттік орман қоры бар, бұл облыстың аумағының 30%-ын құрайды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2021–2027 жылдарға арналған кешенді жоспар әзірленіп, 110,2 мың гектарға 170 млн ағаш көшетін отырғызу көзделген. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте елді…
