ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА УЧАСКЕЛЕРДЕ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ҰЛЫҚТАЛДЫ
Республикалық референдум аясында Келес ауданының тұрғындары белсенділік танытып, өз таңдауларын жасауда. Аудан тұрғындары, қариялар ұлттық киім киіп, тұрғылықты мекенжайлары бойынша учаскелерге келіп дауыс беруде. Сондай-ақ, аудан өнерпаздары домбыра тартып, дауыс беруге келушілерге қолдау көрсетуде. «Референдум – халықтың мемлекеттегі маңызды мәселелер бойынша тікелей өз пікірін білдіру мүмкіндігі. Сондықтан оған қатысу әр азамат үшін үлкен жауапкершілік әрі…
