ТҮРКІСТАНДА ҮЗДІК СТУДЕНТТЕРГЕ БЕЙСЕН ҚҰРАНБЕК АТЫНДАҒЫ СТИПЕНДИЯ ТАБЫСТАЛДЫ – АДАМ КАПИТАЛЫНА САЛЫНҒАН ИНВЕСТИЦИЯ
Түркістанда Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Журналистика» кафедрасының озат студенттеріне талантты журналист, ұлттың ар-намысы атанған Бейсен Құранбек атындағы стипендия табысталды. Бұл дәстүрлі шара биыл да жоғары деңгейде өтіп, жас журналистердің шабытын арттырған айтулы оқиғаға айналды. Биылғы стипендия иегерлерін марапаттау рәсімін «Медиакратия» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, белгілі журналист Ғалымжан Елшібай ұйымдастырып, демеушілік етті. Салтанатты жиынға…
