Дүниежүзілік Универсиада-2025-те ел намысын кімдер қорғайды

2025 жылғы 13 қаңтарда Италияда Дүниежүзілік қысқы Универсиада басталады. Оған Қазақстан құрамасының 103 өкілі қатысады.

ҚР Туризм және спорт министрлігінің ақпаратынша, біздің спортшылар Италияда спорттың 10 түрі бойынша өнер көрсетеді: биатлон, шорт-трек, шаңғы жарысы, мәнерлеп сырғанау, қысқы спорттық бағдарлау, фристайл, тау шаңғысы спорты, сондай-ақ бағдарламаға алғаш рет енген ерлер, әйелдер хоккейі және жұп шаңғы жарысы.

Ойындардың салтанатты ашылу рәсімі 13 қаңтарда Inalpi Arena (Турин) қаласында өтеді, басталуы – Астана уақыты бойынша 23:30-да. Жабылу 23 қаңтарда сағат 23.00-ге жоспарланған.

Халықаралық университеттік спорт федерациясының (FISU) кестесіне сәйкес кейбір спорт түрлерінен жарыстар 11 қаңтарда басталады.

Бұған дейін Анастасия Городконың фристайл-могулдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс медальға ие болғаны хабарланған болатын.

Один комментарий к “Дүниежүзілік Универсиада-2025-те ел намысын кімдер қорғайды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *