Бүгін Шымкент қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің колледжінде студент жастармен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты – жастарға Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының мазмұны мен негізгі өзгерістерін түсіндіру, олардың қоғам дамуындағы маңызын жеткізу, сондай-ақ құқықтық сауаттылық пен азаматтық жауапкершілікті арттыру.

Іс-шара барысында Конституцияның негізгі бағыттары, діни сауаттылық, ақпараттық қауіпсіздік және қоғамдық келісімді сақтау мәселелері кеңінен қозғалды. Сонымен қатар мемлекеттік саясаттың басым бағыттары түсіндіріліп, дәстүрлі емес діни ағымдардың ықпалынан сақтану, жалған ақпаратқа қарсы тұру, құқықтық мәдениет пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді.
Кездесуге Шымкент қаласы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» мекемесінің сарапшысы М. Бесбаева және қалалық дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» теолог маманы Р. Қыпшақбаев қатысты.
Мамандар жастарға тақырып аясында маңызды ақпараттар ұсынып, өзекті мәселелер бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу соңында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

