ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ЖАЙЛЫ ӨМІРІ – МАМАНДАРДЫҢ ЕҢБЕГІНДЕ

2025 жыл – Қазақстанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған «Жұмысшылар жылы». Бұл жыл әрбір маманның кәсіби шеберлігін, адалдығын, табандылығын дәріптеуге, еңбекқор азаматтардың қоғамдағы мәртебесін арттыруға және жастарға үлгі көрсетуге арналған маңызды әлеуметтік бастама болып отыр. «Жұмысшылар жылы» – тек жоғары лауазымды тұлғаларды ғана емес, қарапайым еңбек адамдарының да еңбегін дәріптейтін ауқымды бастама. Осы ауқымды бастама аясында біз коммуналдық салада ұзақ жылдар бойы адал еңбек етіп келе жатқан білікті маман Якубходжаев Ахмалхан Таджихановичтің еңбегін ерекше атап өткіміз келеді. Ахмалхан Таджихановичтің кәсіби жолы 1983-1986 жылдары Шымкент облысындағы №25 орта кәсіптік-техникалық училищесінде «электрбіріктіруші» мамандығын меңгеруден басталды. Оқу бітіргеннен кейін ол еңбек жолын құрылыс және монтаждау саласында бастап, кәсіби дағдыларын шыңдауға мүмкіндік алды. 1986-2002 жылдар аралығында СПМК-10 мекемесінде ол 3-дәрежелі электр дәнекерлеуші, слесарь-монтажшы және сантехник қызметтерін атқарып, әрбір техникалық міндетті жауапкершілікпен орындады. Оның ұқыптылығы, кәсіби шеберлігі және тәжірибесі өз жұмысын дәл әрі сапалы орындауға мүмкіндік берді. 2002-2003 жылдары «Энергоцентр-3» акционерлік қоғамында жылу желілерін жөндеу бағытында 4-дәрежелі слесарь қызметін атқарған Ахмалхан Таджиханович қала тұрғындарының жылу жүйелерінің тиімді жұмыс істеуіне үлес қосты. 2020 жылдан бері ол «Қуатжылуорталық-3» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының №1 аудандық бөлімшесінде жылу жүйелеріне қызмет көрсететін 4-дәрежелі слесарь ретінде еңбек етуде. Осы уақыт аралығында Ахмалхан Таджиханович қала тұрғындарының тұрақты жылумен қамтылуына, инфрақұрылымның техникалық жағдайын қадағалауға және ақауларды дер кезінде жоюға зор үлес қосып келеді. Оның кәсіби дағдысы мен жауапкершілігі әріптестерінің құрметіне ие болып, коммуналдық саладағы еңбегі үлгілі еңбек үлгісі ретінде бағаланады. Ахмалхан Таджихановичтің жұмысы – тек техникалық міндеттерді орындау емес, ол қала өмірінің қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ететін стратегиялық іс. Әрбір істеген жұмысы қала тұрғындарының күнделікті өміріне тікелей ықпал етеді, олардың үйлерінде жылудың үздіксіз қамтамасыз етілуін және инфрақұрылымның сенімділігін қамтамасыз етеді. Оның кәсіби біліктілігі, тәжірибесі және табандылығы – «Жұмысшылар жылы» аясында дәріптелетін еңбек мәдениетінің нақты көрінісі.