«ҚАЙТПАС» ШАҒЫНАУДАНЫНДАҒЫ ИНЖЕНЕРЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖАҢАРТЫЛУДА

Шымкент қаласында жаңа құрылыс аумақтарында тұрғындардың өмір сапасын арттыру және инженерлік инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Ауыз су, электр жарығы және табиғи газ жүйелерін жаңарту – қала аумақтық даму жоспарының негізгі басымдықтарының бірі және тұрғындардың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды шара болып табылады. “Қайтпас” шағынауданында жеке сектордағы тұрғын үйлерді заманауи инженерлік жүйелермен қамтамасыз ету жұмыстары жүзеге асырылуда. Жобаның тапсырыс берушісі – Шымкент қаласының Энергетика және инфрақұрылым басқармасы, ал құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме – “IT Invest” ЖШС атқаруда. Қазіргі таңда ауыз су жүйесінің құрылысы толық аяқталып, тұрғындардың таза суға тұрақты қол жеткізуі қамтамасыз етілді. Электр энергиясы және табиғи газ жүйелерін тарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл тұрғындардың үйлерінде қауіпсіз және жайлы тұрмыс құруға, энергия мен коммуналдық қызметтерге тиімді қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жаңартылып жатқан инженерлік инфрақұрылым тұрғындардың тұрмыстық қажеттілігін ғана емес, сондай-ақ ауданның әлеуметтік және экономикалық дамуына да оң әсерін тигізеді. Құрылыс жұмыстары барысында қазба жұмыстарына қатысты тұрғындардың ескертпелері назарға алынып, мердігер мекемеге нақты тапсырмалар берілді. Бұл – жобаны сапалы және уақытылы жүзеге асырудың кепілі болып табылады. Ауыз су, электр энергиясы және табиғи газ желілерін кеңейту арқылы қаладағы жаңа тұрғын аудандарды толық инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету – Шымкент қаласының аумақтық даму стратегиясының маңызды бөлігі. Жобаның іске асырылуы тұрғындардың өмір сапасын арттырып қана қоймай, шағынауданның дамуына, тұрғын үй секторын жаңартуға және қаладағы әлеуметтік инфрақұрылымның тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Құрылыс жұмыстарының аяқталуы тұрғындарға заманауи, ыңғайлы және қауіпсіз орта қалыптастырып, Шымкент қаласының тұрақты дамуына, халықтың әл-ауқатын жақсартуға және инфрақұрылымдық саясатты тиімді жүзеге асыруға үлес қосады. Бұл жобалар – қала экономикасының өркендеуіне, тұрғындардың өмір сүру сапасының жақсаруына және инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту арқылы қала аумағын сапалы дамытуға арналған нақты қадамдар болып табылады.