ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ҚАУІПСІЗДІК ДЕҢГЕЙІ ЖАҢА БЕЛЕСКЕ КӨТЕРІЛЕДІ

Шымкент қаласы тұрақты дамудың маңызды бағыты ретінде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше мән беруде. Қала әкімдігі мен тиісті қызмет органдарының бірлескен жұмысы нәтижесінде 2025 жылы қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында ауқымды цифрлық шаралар қолға алынуда. Соның ішінде қосымша 4 425 дана бейнебақылау камерасын орнату жоспарланып отыр. Бұл – қала аумағын цифрландыру және тұрғындардың өмір сапасын арттыру бағытындағы нақты қадам.

Жоспарланған камералар келесі мақсаттарға бағытталады:

Жалпы бейнебақылау жүйесі – 3 725 дана;

Жылдамдық өлшегіш құрылғылар – 250 орынға;

Жол қиылыстарында – 50 орынға.

Бұл бастама тек қоғамдық тәртіпті бақылаумен шектелмей, жол қозғалысын қауіпсіздендіру, құқықбұзушылықтардың алдын алу және апаттық жағдайларды азайтуға бағытталған кешенді шешім болып табылады. Бейнебақылау камералары жол қозғалысы ережелерін бұзуды төмендетіп, жүргізушілердің тәртібін жақсартуға ықпал етеді. Сонымен қатар, қоғамдық орындардағы оқиғаларды жедел бақылау мүмкіндігі тәртіп сақшыларының жұмысын жеңілдетеді және қала тұрғындарының өздерін қауіпсіз сезінуіне тікелей әсер етеді. Цифрлық Қазақстан жобасы аясында қолға алынған бұл шаралар Шымкенттің «ақылды қала» статусын нығайтып, заманауи инфрақұрылымды қалыптастыруға қосқан нақты үлес болып отыр. Қалалық бейнебақылау жүйесі цифрлық деректерге сүйеніп, жол қозғалысы мен қоғамдық тәртіпті тиімді басқаруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде, қала аумағын дамытудың стратегиялық жоспарына сәйкес, инфрақұрылымды жаңғырту, көлік ағынын реттеу және тұрғындардың қауіпсіздігін арттыру бағытындағы жұмыстарды жүйелендіреді. Сонымен қатар, орнатылған бейнекамералар деректерін интеграциялау арқылы қала әкімдігі жол қозғалысының негізгі бағыттарын талдап, көлік кептелістерін алдын ала болжай алады. Бұл шаралар тұрғындар үшін жайлы және қауіпсіз қала ортасын қалыптастыруға, қоғамдық ресурстарды тиімді пайдалануға, сондай-ақ қаланың дамуы мен әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Шымкенттегі жаңа бейнебақылау жүйесінің енгізілуі — тұрғындардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ғана емес, сонымен қатар қаланың цифрлық трансформациясын жеделдететін стратегиялық қадам. Қауіпсіз қала — бәріміздің ортақ мақсатымыз, ал цифрлық технологиялар арқылы бұл мақсатқа жету мүмкіндігі артып келеді.