🔹Бұл туралы бүгін Шымкент қаласындағы Мирас университеті базасында студенттермен өткен кездесуде жан-жақты айтылды. Жастар контингентімен өткен жиында мемлекеттік этносаясаттың басым бағыттары айтылып, деструктивті діни ағымдардың зияндылығы түсіндірілді.
🔹Мемлекеттік саясат аясындағы ауқымды жұмыстар, қолға алынған бастамалар мен іске асып жатқан жобалар жайлы баяндаған спикерлер жас буын арасында толеранттылықты ұғындырып, қазақстандық патриотизмді насихаттады. Адал азамат ретінде қалыптасу – жастық шақтан басталатынын баса айтты. Өз кезегінде жиынға арнайы қатысқан кәсіби медиатор дау-дамайды реттеп, тараптарды татауластыруда медиацияның үлкен әлеуетке ие екендігін қарапайым түрде нақтылы мысалдармен айтып берді.
🔹Студенттер алдында Қазақстан 120-дан астам этнос пен түрлі мәдениет өкілдерін біріктіретін бірегей мемлекет екені, қоғамдағы сенім мен өзара түсіністікті және елдің берекелі бірлігін нығайту жолында әрбір азаматқа үлкен жауапкершілік жүктелетіні тиянақты түсіндірілді.
🔹Кездесуге қалалық ҚХА жанындағы Медиация кеңесінің төрайымы Д.Кенжеқұлова, қалалық ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесінің эксперті Б.Омарбаев, қалалық жастар саясаты басқармасы «Жастар ресурстық орталығының» инспекторы Н.Қармантай, қалалық дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» теологы Д.Тұрғынбай қатысып, жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
