Бүгін Шымкент қаласындағы Политехникалық колледжінде құқықтық сауаттылықты арттыру, әлеуметтік қауіптердің алдын алу және этносаралық келісімді нығайту, жалпыұлттық бірлік құндылықтарын дәріптеу, кереғар діни ағымдардан сақтану мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жастарға арнайы бейнероликтер көрсетілді.
Кездесуге қатысқан студенттерге мемлекеттік саясаттың басымдықтары түсіндіріліп, құқықтық мәдениетті көтерудің маңыздылығы ұғындырылды. Сонымен қатар, әлеуметтік желі арқылы ақпарат таратуда сақ болу, ұлтараздық пен діни алауыздыққа жол бермеу, жалған ақпараттарға сенбеу үшін иммунитет қалыптастыру жайы баяндалды. Мамандар кереғар діни ағымдардан сақтану жайын жеткізіп, әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру секілді салдары қылмыстық жауапкершіліке әкеп соғатын іс-әрекеттерден сақтану, ҚХА-ның «Елтану» ағартушылық жобасы туралы сөз болды.
Айта кетейік, Шымкент қаласы ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкері Н.Абдукаримов «Жастар ресурстық орталығының» маманы Н.Қармантай және қалалық дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» теологы Д.Тұрғынбай қатысты.
