Шымкент қаласының тұрақты дамуы мен қоғамдық-саяси тұрақтылығын қамтамасыз етудің маңызды құрамдас бөлігі – жол инфрақұрылымын жетілдіру. Қаладағы көлік қозғалысын оңтайландыру және тұрғындар үшін ыңғайлы орта жасау бағытында бірқатар ауқымды шаралар жүзеге асырылуда. Соның нақты көрінісі ретінде Қазиев және Шұбаркөл көшелерінің жалғасындағы айналма жол құрылысын айтуға болады. Жобаның негізгі мақсаты – қаладағы көлік кептелісін азайту және Төлеметов, Бәйдібек би, Өтегенов және Арғынбеков көшелеріндегі қозғалысты тиімді ұйымдастыру. Айналма жол арқылы автокөліктердің негізгі ағыны жол бойындағы қиылыстардан тыс бағытқа ауыстырылып, қала ішіндегі қозғалыстың жылдамдығы арттырылады. Жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес, жаңа жол төрт жолақты қозғалыс бөлігін қамтиды. Жаяу жүргіншілер үшін арнайы жолдар салынып, жол жиегіне прегациялық суағар жүйесі жүргізіледі. Сонымен қатар, айналма жолдың екі жағы көгалдандырылып, құрылыс белдеуіне түсетін инженерлік желілер толық жаңартылады. Бұл – қала аумағында инфрақұрылымды жаңарту, әлеуметтік қолжетімділікті арттыру және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында маңызды қадам. Шымкент қаласының аумақты дамыту жоспары аясында осындай жобалар қала ішіндегі көлік нөпірін азайтып қана қоймай, қоғамдық-саяси тұрақтылыққа да әсер етеді. Жол инфрақұрылымының жаңартылуы қаланың экономикалық және әлеуметтік дамуына серпін беріп, тұрғындар мен кәсіпкерлер үшін тиімді әрі қауіпсіз көліктік ортаны қалыптастырады. Айналма жол құрылысы – Шымкент қаласының инфрақұрылымдық дамуындағы маңызды бастама және қоғамдық-саяси бағыттағы міндеттердің нақты орындалуын көрсететін жобалардың бірі. Бұл жолдар тұрғындардың өмір сапасын арттыруға, көлік қозғалысын реттеуге және қаланы дамыту бойынша жүйелі саясатты жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Әлемге көзқарасыңды өзгертетін Janalyqtar!
