Jas drive -жастар қоғамның қозғаушы күші!

2025 жылдың 12-тамызы мен 12-қазаны аралығында жарияланып Шымкент қаласының 17 000 нан астам жастары ақпаратанып, өтінім білдірген 47 жастың 14інің жобалары байқауға қатыстырылды, оның арасынан комиссия шешімімен жеңімпаз деп танылған 5 жоба 1 000 000 теңгелік қаржылай қайтарымсыз грантпен марапатталды. Jas drive» идеялар мен жобалар байқауының марапттау рәсімі 2025 жылдың 4-желтоқсанында Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының басшысы міндетін атқарушы Оспан Ақбота Биқожақызы Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығында жеңімпаздарды арнайы құттықтап, марапаттады.

Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының тапсырысымен «Шығармашыл жастар» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен байқауға 30 дан аса жастар өтінім білдіріп оның 15інің жұмысы дұрыс деп қабылданып арнайы комиссия отырысында қараып, нәтежиесінде, ActiVO бағытында – Жақсылық жасау сәнде, Шымкент қаласының жастары арасында еріктілікті дамыту бағыты бойынша жеңімпаз, Шымкент қаласының «Ізгілікте жарысайық!» қайрымдылық қоғамдық қорының еріктілік бағытының жетекшісі Серікбай Сымбат Сапарабекқызы, CityVibe бағытында – Жастар қаланы өзгертеді, жастардың қала өмірінің сәулет және архитектуралық дамуы бағыты бойынша жеңімпаз, Мирас университетінің студенті Ермеков Али Конрадұлы және жетекшісі  Бекебаева Мира Омирхановна, Nox бағытында – Сенің таңдауың – өмір, жастар арасында нашақорлықтың алдын алу бағыты бойынша жеңімпаз, Жұмабек Ташенов атындағы университеттің 4-курс студенті Карибаева Амина Қайратқызы, Innovation + Pulse бағытында  – Ғылым – жастардың жүрегінде, жастар арасында ғылымды дамыту бағыты бойынша жеңімпаз Аймахан Ерасыл Ермаханұлы, My family бағытында – Отбасы – бақыт мекені, жас отбасыларды қолдау бағыты бойынша жеңімпаз Сапаралы Алтынбек Абайұлы марапатталады.