«Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» жобасы аясында «Antiparacraft-2025» атты квест-ойыны ұйымдастырылды.
🎯 Байқаудың негізгі мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, адалдық, ашықтық және әділдік қағидаттарын кеңінен насихаттау, сондай-ақ талантты жастарға қолдау көрсету.

🧠 Қатысушылар түрлі кезеңдерден өтіп, логикалық тапсырмаларды орындап, жылдамдық пен тапқырлықтарын көрсетті. Ойын барысында жастардың құқықтық сауаттылығы артып, әділдік пен жауапкершілік құндылықтары дәріптелді.
🏆 Байқаудың жүлде қоры:
🥇 I орын — 150 000 теңге
🥈 II орын — 100 000 теңге
🥉 III орын — 75 000 теңге
👏 Белсенділік танытқан барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз! Адал қоғам — саналы ұрпақтан басталады!

