ШЫМКЕНТТЕ ӨНЕРКӘСІПТІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Шымкент қаласының дамуы мен экономикалық саясаты аясында өнеркәсіп саласын дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру және инвестициялық тартымдылықты арттыру – стратегиялық басымдықтардың бірі болып отыр. Қала аумақтық даму жоспарына сәйкес, инвесторлар үшін қолайлы орта қалыптастыру, өнеркәсіптік әлеуетті кеңейту, әлеуметтік бастамаларды қолдау және тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Осы аясында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, Орталық Азия мен Кавказ өңірі бойынша «Coca-Cola İçecek» компаниясының аймақтық директоры Эрдинч Гюзельмен кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында кәсіпорынның өндірістік қуатын арттыру, инженерлік инфрақұрылымды дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу және әлеуметтік бастамаларды қолдау мәселелері талқыланды. Компания қаланың өнеркәсіптік әлеуетін нығайтып, тұрақты жұмыс орындарын қамтамасыз етіп, әлеуметтік жауапкершілік жобаларын жүзеге асыруда белсенді қатысып келеді. Қазақстан Республикасы Президентінің атынан Эрдинч Гюзель II дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды. Бұл жоғары марапат компания басшысының қала экономикасын дамытуға қосқан үлесі, жаңа жұмыс орындарын ашудағы еңбегі және серіктестік қатынастарды нығайтуға бағытталған белсенді қызметін мойындау мақсатында табысталды. Кездесу барысында қала әкімдігі өнеркәсіптің дамуына, жаңа инвестициялық жобаларды тартуға және қаладағы бизнес ортаны жақсартуға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендігін атап өтті. Сондай-ақ өндірісті кеңейту мен кәсіпорынның жұмыс тиімділігін арттыру арқылы қала тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған бірлескен бастамалардың маңызы ерекше аталды. Шымкентте өнеркәсіп пен инвестицияны дамыту бойынша жүзеге асырылып жатқан жобалар қала аумақтық даму жоспары аясында стратегиялық маңызды бастамалар қатарында. Бұл жұмыстар өнеркәсіптік инфрақұрылымды жаңартып, жаңа жұмыс орындарын құруға, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға және қаланың экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталған. Қала әкімдігі қаладағы инвестициялық жобаларды қолдап, кәсіпорындардың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету арқылы тұрғындар үшін қолайлы, қауіпсіз және дамыған ортаны қалыптастыруға жүйелі түрде үлес қосуда.