Шымкент қаласының қарқынды дамуы, көлік санының ұлғаюы және жаңа тұрғын алаптардың құрылуы қала жол-көлік инфрақұрылымына жоғары талаптар қояды. Тек көшелерді жөндеумен шектелу жеткіліксіз, себебі мегаполистегі қозғалысты тиімді ұйымдастыру, кептелістерді болдырмау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кешенді инфрақұрылымдық шешімдер қажет. Осы орайда халықаралық құрылыс компаниясы “Bazis-A” директорлар кеңесінің төрағасы Александр Беловичпен кездесу өткізілді. Кездесуде Бәйдібек би даңғылы мен Төлеметов көшесінің қиылысында салынатын жолайрық құрылысына қатысты жобаның негізгі кезеңдері мен инфрақұрылымдық шешімдері талқыланды. Бұл жоба қаладағы көлік ағынын реттеп, басты магистральдағы жүктемені айтарлықтай азайтуға бағытталған стратегиялық маңызы бар бастама болып отыр.Жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, жоспарлау барысында техникалық талаптар, қала құрылысы нормалары және көлік қозғалысын модельдеу нәтижелері ескеріледі. Құрылыс жұмыстары жүріп жатқан кезде жол қозғалысы үзілмей, тұрғындар мен қатысушылар үшін толық қауіпсіз және ыңғайлы жағдай қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ жобаның сапалы жүзеге асуы үшін барлық жауапты құрылымдардың үйлесімді әрі кешенді жұмыс істеуі ерекше маңызды. Бұл инфрақұрылымдық бастама тек көлік қолжетімділігін арттырып қана қоймай, қаланың экономикалық дамуына да тікелей әсер етеді. Жобаның іске асуы қаладағы сауда, қызмет көрсету, өндіріс және логистика салаларының тиімділігін күшейтіп, жаңа инвестициялық мүмкіндіктердің ашылуына жол ашады. Сонымен қатар жолайрық құрылысы тұрғындардың өмір сапасын жақсартып, мегаполистегі жол-көлік мәдениетін көтеруге септігін тигізеді. Шымкенттің дамуы мен экономикалық саясаты аясында жүзеге асырылып жатқан мұндай жобалар қала инфрақұрылымын жаңғырту, көлік кептелісін азайту және қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған кешенді жұмыстардың маңызды бөлігі болып табылады. Қаладағы стратегиялық инфрақұрылымдық нысандардың өсуі мегаполисті заманауи, қолайлы және тұрақты экономикалық дамитын орталыққа айналдыруға мүмкіндік береді.
Әлемге көзқарасыңды өзгертетін Janalyqtar!
