ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫ – ҚОҒАМДАҒЫ ТӘРТІП ПЕН ЗАҢДЫЛЫҚ КЕПІЛІ

Шымкент қаласында «Заң және тәртіп» қағидаты аясында тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Құқықтық дәріхана» іс-шарасы ұйымдастырылды. Мегаполис әкімдігінің қолдауымен өткізілген шараның басты мақсаты – тұрғындарға өз құқықтары мен міндеттері туралы толық және қолжетімді ақпарат беру, қоғамдағы құқықтық мәдениетті нығайту және заңға сүйенген тәртіпті қалыптастыру болып табылады. Іс-шара барысында жауапты сала мамандары азаматтарға жер қатынастары, әлеуметтік жәрдемақылар, баспана мәселелері, кәсіпкерлік, еңбек құқықтары, отбасылық-құқықтық жағдайлар және басқа да құқықтық мәселелер бойынша кең ауқымды ақпарат ұсынды. Тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарға мамандардан нақты әрі толық жауап алды. Бұл өз кезегінде азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және олардың заңды құқықтарын қорғай білу қабілетін жетілдіруге бағытталған маңызды қадам болып саналады. Мұндай іс-шаралардың мәні тек ақпарат беру мен түсіндіруде ғана емес, сонымен қатар қоғамдағы құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, тұрғындардың заңды пайдалану мүмкіндігін арттыруға және құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған. Қала тұрғындарына сапалы ақпараттық қолдау көрсету арқылы олар өз құқықтарын қорғау мен әлеуметтік мәселелерді шешуде сенімді әрі заңды жолдарды таңдауға мүмкіндік алады. Әрбір тұрғын өз құқықтарын дұрыс түсініп, әлеуметтік және заңдық мәселелерді тиімді шешу жолдарын білуі қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз етеді.«Құқықтық дәріхана» жобасы қала тұрғындары арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға және қоғамда тәртіпті нығайтуға бағытталған жүйелі саясаттың нақты көрінісі болып отыр. Мұндай іс-шаралар арқылы Шымкент қаласында «Заң мен тәртіп» қағидатын ұстанатын саналы, ақпаратты және құқықтық мәдениеті жоғары қоғам қалыптасады. Жоба аясында азаматтар өз құқықтарын біледі, заңсыздыққа қарсы саналы әрекет етеді және өз мүдделерін қорғауда құқықтық құралдарды тиімді пайдалана алады. Қала әкімдігі тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға ерекше көңіл бөлуде. «Құқықтық дәріхана» сияқты жобалар тек ақпараттық қолдау көрсетіп қана қоймай, қоғамдағы құқықтық тәртіпті нығайтуға және азаматтардың өз құқықтары мен міндеттерін толық түсінуіне мүмкіндік береді. Бұл – Шымкент қаласының азаматтық қоғамды дамытудағы, заң мен тәртіпті қамтамасыз етудегі маңызды бастамаларының бірі.