«ЖҰЛДЫЗ» ИНДУСТРИЯЛДЫ АЙМАҒЫНДА ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

«OMIR SHYMKENT 2025» компаниясымен «Мұнай саласына арналған құбырлар шығару»жобасы талқыланды.

Кездесу барысында «Жұлдыз» индустриялдық аймағындағы жер учаскесі таныстырылып, инфрақұрылымдық мүмкіндіктер жан-жақты көрсетілді.

Аталған жоба жүзеге асқан жағдайда қалада жаңа жұмыс орындары ашылып, өндірістік қуаттылық артып, Шымкенттің инвестициялық тартымдылығы одан әрі нығая түспек.

Бұл кездесу – Шымкенттің инвестициялық әлеуетін арттыруға жасалған тағы бір нақты қадам!