ЕҢБЕКПЕН ҮЛГІ КӨРСЕТКЕН — ШАМҒАЛИ ПАРМАНҚҰЛОВ

Шымкент қаласының коммуналдық қызмет саласында еңбек етіп, кәсібіне адалдық танытып келе жатқан мамандардың бірі – Шамғали Парманқұлов Мейрамбекұлы. Ол 1976 жылдың 6 қаңтарында Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Бабата елді мекенінде дүниеге келген. Отбасылы, бір қыз бен бес ұл тәрбиелеп отырған үлгілі әке. Отбасының басты құндылықтары – сыйластық, бірлік, ынтымақ және тәртіп. Шамғали Мейрамбекұлы еңбек жолын 2003 жылы бастаған. Ол ОАО «Аэропорт Шымкент» авиациялық қауіпсіздік қызметінде өрт күзеті инспекторы ретінде бес жыл бойы табанды қызмет атқарды. Бұл қызмет барысында ол жауапкершілікті жоғары деңгейде меңгеріп, өзіне сенім артқан әріптестері мен басшылық алдында абыройлы беделге ие болды. 2008–2024 жылдар аралығында Шамғали Мейрамбекұлы ТОО «Водоканал-2» мекемесінде 7-разрядты газ-электрдәнекерлеуші ретінде қызмет етіп, кәсіби шеберлігін одан әрі жетілдірді. Ол өндірістік процестерді жетік меңгеріп, күрделі техникалық міндеттерді шешуде тәжірибелі маман ретінде танылды. 2024 жылғы сәуірден бастап Шамғали Парманқұлов Шымкент қаласы әкімдігінің «Су құбыры және канализация басқармасы» МКК-де апатты қалпына келтіру жұмыстары бөлімінің учаске басшысы қызметін абыроймен атқарып келеді. Өз ісіне адал, міндетке жауапкершілікпен қарайтын маман ретінде ол ұжым арасында ерекше сенімге ие. Оның ұйымдастырушылық қабілеті, кәсібилігі және проблемаларды шешудегі шеберлігі көптеген әріптестеріне үлгі болып отыр. Шамғали Мейрамбекұлының қажырлы еңбегі, кәсіпқойлығы және қызметке адалдығы тек өз ұжымында ғана емес, коммуналдық қызмет саласында да жоғары бағаланады. Ол жас әріптестерге кәсіби тәжірибесін үйретіп, оларды жетілдіруге ерекше мән береді. Ұйымдастырушылық қабілеті мен жауапкершілігі арқасында кез келген күрделі апатты қалпына келтіру жұмыстары сәтті атқарылады. Білікті маман ретінде Шамғали Парманқұловтың үлгісі – еңбекқорлық пен адалдықтың, кәсіби шеберлік пен жауапкершіліктің нақты көрінісі. Оның қызмет жолы – әріптестеріне сенімділік сыйлайтын, жас мамандар үшін өнеге болатын үлгі. Еңбегіңіз бағаланып, кәсіби жолыңыз әрдайым жемісті болсын!