🔹 Шымкент қаласы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ жанынан құрылған ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері Базарқақпа тұрғын алабында тұрғындармен кездесу өткізді.
🔹 Басқосу барысында қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты сақтау, тұрғындар арасындағы өзара түсіністік пен сыйластықты нығайту, қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз ету және түсініспеушіліктердің алдын алу мәселелері талқыланды.
🔹 Кездесуге Шымкент қаласы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ бөлім эксперті Нұржан Кеңесұлы Әбдікәрім, қалалық «Қоғамдық келісім» КММ жанындағы Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Батырбек Жалмұрзаев, қалалық Еңбекші аудандық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Бахадир Мырзахметов қатысып, этносаралық татулықты нығайту, қоғамдық келісім мәдениетін қалыптастыру және азаматтардың ортақ құндылықтар төңірегінде топтасуының маңызы жөнінде ой-пікірлерін ортаға салды.
🔹 Сонымен қатар этномәдени бірлестіктердің қоғамдағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты дамытудағы рөліне тоқталып, тұрғындар арасында туындауы мүмкін келіспеушіліктердің алдын алу және оларды бейбіт жолмен шешудің маңызы атап өтілді.
🔹 Кездесу барысында тұрғындар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті. Мамандар көтерілген мәселелер бойынша түсіндірме беріп, қоғамдық татулықты сақтау бағытындағы өзекті мәселелерді талқылады.

