ШЫМКЕНТ: ӘЛЕУМЕТТІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖАҢАРУДА — 11 НЫСАН КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ

Шымкент қаласы соңғы жылдары инфрақұрылымдық және әлеуметтік даму қарқыны бойынша еліміздің жетекші мегаполистерінің қатарында тұр. Президент тапсырмасына сәйкес, білім беру саласын жаңғырту – қала экономикасының ұзақ мерзімді тұрақтылығы мен адами капиталдың дамуына бағытталған басты стратегиялық қадамдардың бірі. Осы мақсатта шаһарда биыл 11 әлеуметтік нысан күрделі жөндеуден өтіп, толықтай жаңартылды. Мемлекет басшысы бастамашы болған ұлттық реновация бағдарламасы аясында үш жыл ішінде республика бойынша 1300-ге жуық мектеп жөнделуі жоспарланған. Шымкент бұл бағдарламаның белсенді қатысушысы ретінде 2024 жылы, 9 мектепке күрделі жөндеу, 1 мектептің жылу жүйесін жаңарту, 1 балабақшаны жөндеу жұмыстарын толық аяқтады. Бұл инвестициялар тек білім сапасын жақсарту үшін ғана емес, қаланың жалпы экономикалық ахуалына да оң әсер етеді. Себебі мұндай жобалар, құрылыс секторының дамуын, жұмыс орындарының көбеюін, жергілікті шағын және орта бизнестің жандануын, инженерлік инфрақұрылымның жаңаруын қамтамасыз етеді. Күрделі жөндеу жұмыстары аясында төмендегі маңызды әлеуметтік нысандар толықтай жаңартылды. Дарынды балаларға арналған №1 ІТ лицей-интернат (Б, В, В1, В2, М, Д, Д1, Д2, Д3 корпустары). Бұл нысандарда қауіпсіздік деңгейі күшейтіліп, жылу және инженерлік жүйелер жаңартылды, кабинеттер заман талабына сай қайта жабдықталды. Мектептердің ішкі және сыртқы эстетикасы жақсарып, оқушылардың қолайлы ортада білім алуына толық жағдай жасалды. Әлеуметтік нысандардың жаңартылуы қаланың жалпы инвестициялық тартымдылығын арттырады. Себебі инфрақұрылымы дамыған, сапалы білім беру орындары бар қалада, жаңа тұрғын аудандар салынады, бизнеске қолайлы орта қалыптасады, жұмыс күшінің біліктілігі артады, қалаға қоныс аударушылар саны көбейеді, экономикалық белсенділік күшейеді. Осылайша әлеуметтік нысандарды жөндеу — тек бір ғимаратты жаңарту емес, мегаполистің ұзақмерзімді дамуының ажырамас бөлігі. Шымкент — еліміздің ең жас әрі демографиялық тұрғыда қарқынды өсіп жатқан қалаларының бірі. Оқушылар саны жыл сайын артып келеді. Инфрақұрылымды жаңарту арқылы қала өзінің адами капиталын, болашақ кадрлық әлеуетін жүйелі түрде қалыптастырып жатыр. Осы реформалардың нәтижесінде, білім беру сапасы артады, қабілетті жастардың өсуіне жағдай жасалады, еңбек нарығы білікті мамандармен толығады, инновациялық саладағы мүмкіндіктер кеңейеді. Шымкентте 11 әлеуметтік нысанның реновациядан өтуі – бұл қаланың жаңа даму кезеңіне қадам басқанын көрсететін айқын белгі.