Шымкент қаласының дамуы мен тұрғындардың өмір сапасын арттыру бағытындағы стратегиялық маңызды қадамдардың бірі – қоғамдық көліктің қолжетімділігін, тиімділігін және сапасын арттыру. Қала тұрғындары тарапынан көптеген өтініштер мен ұсыныстар түсіп, олардың арасында қосымша маршруттардың қажеттілігі, автобустардың жеткіліксіздігі, уақытылы қозғалысы, сондай-ақ қоғамдық көлік құралдарын жаңарту мәселелері басты орынға шықты. Президенттің тапсырмасы мен қаланың әлеуметтік-экономикалық даму жоспарына сәйкес, Шымкент қаласының Бас жоспарына енгізілген өзгерістер, жаңа тұрғын үй кешендері, жол инфрақұрылымының және өндірістік аймақтардың қарқынды дамуы – 2020 жылы бекітілген жолаушылар көлігін дамыту схемасын қайта қарауға қажеттілікті туғызды. Осы орайда, 2025 жылы қаланың қоғамдық көлігін жаңа, кешенді маршруттық схема әзірленді. Жаңа схема әзірлеу барысында қалалық әкімдік қоғамдық көлікті барлық тұрғындар үшін қолжетімді етуге ерекше көңіл бөлді. Жоспарланған маршруттық желі жолаушылар ағынының тығыздығы, жолдардың инфрақұрылымдық жағдайы, қауіпсіздік талаптарына сәйкестік, сондай-ақ жаңа құрылыс нысандары мен өндірістік аймақтарға қатынауды тиімді ұйымдастыру мәселелерін ескере отырып жасалды. Сондай-ақ жаңа схема аясында қозғалыс сызбаларын оңтайландыру, маршруттарда автобустар санын көбейту, жолаушылардың күту уақытын қысқарту және қоғамдық көліктің сапасын арттыру бойынша кешенді шаралар жоспарланған. Бұл тек көлік жүйесін жақсарту ғана емес, тұрғындардың күнделікті өмірін жеңілдетуге, әлеуметтік мобильділігін арттыруға, қаладағы урбанистикалық дамуды қолдауға бағытталған нақты іс-шара болып табылады. Жаңа маршруттық схема енгізілу арқылы қала тұрғындары әрбір бағыт бойынша сапалы, уақытылы және ыңғайлы қоғамдық көлікпен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, бұл шара қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға да үлес қосады, себебі көп адамдар жеке көліктің орнына қоғамдық көлікті пайдалана отырып, қаладағы көлік тығынын азайтады. Қала әкімдігі мен тиісті басқармалар жаңа маршруттық желіні толық іске қосып, оның тиімділігін үнемі мониторингке алады. Бұл – Шымкенттің қоғамдық инфрақұрылымын дамыту, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру және қаладағы өмір сапасын жақсарту бағытындағы маңызды қадамдардың бірі. Қорытындылай келе, жаңа маршруттық схема – қаланың қоғамдық дамуын қамтамасыз ететін, әлеуметтік жауапкершілік пен тұрғындардың талаптарын назарға алған, заманауи қоғамдық көлік жүйесін қалыптастырудағы маңызды бастама болып отыр.
Әлемге көзқарасыңды өзгертетін Janalyqtar!
