«ЖҮРЕК ЖЫЛУЫ – АҒА БУЫНҒА» ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛІ ӨТТІ

🔹Бүгін қалалық Достық үйінде 1 қазан – Қарттар күніне орай, Шымкент қаласы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ жанындағы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Жүрек жылуы – аға буынға» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

🔹Іс-шараның негізгі мақсаты – аға буын өкілдеріне құрмет көрсету, олардың қоғамдық өмірге қосқан үлесін дәріптеу, ұрпақтар сабақтастығын нығайту және жастарға үлкенді сыйлау, ізет көрсету құндылықтарын насихаттау.

🔹Дөңгелек үстелге қалалық Аналар кеңесінің төрағасы Гүлжан Сүгірбаева, Аналар кеңесінің ардагер мүшелері және қоғамдық жұмыстарға белсенді атсалысып жүрген бірқатар ардагер аналар қатысты.

🔹«Құрметті ардагер аналар, сіздерді 1 қазан – Қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз, парасат-пайымдарыңыз бен ақыл-кеңестеріңіз – кейінгі ұрпақ үшін баға жетпес құндылық. Отбасының берекесін ұйытып, елдің бірлігі мен қоғамның тұрақтылығына өз үлестеріңізді қосып келе жатқан еңбектеріңіз әрдайым құрметке лайық. Аға буынның өнегесі – ұрпақ тәрбиесінің алтын арқауы. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық пен береке тілеймін. Әрдайым ұрпақтарыңыздың қызығын көріп, ел-жұрттың құрметіне бөленіп жүре беріңіздер!» — деді Гүлжан Дәулетбекқызы.

🔹Іс-шара соңында қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысып, Аналар кеңесінің қызметіне үлес қосқан бірқатар ардагер аналарға Алғыс хаттар табысталды.

Шымкент қаласы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

🔹🔹🔹

СОСТОЯЛСЯ КРУГЛЫЙ СТОЛ «ТЕПЛО СЕРДЦА — СТАРШЕМУ ПОКОЛЕНИЮ»

🔹Сегодня в городском Доме дружбы в преддверии 1 октября – Дня пожилых людей по инициативе Совета матерей при КГУ «Қоғамдық келісім» управления внутренней политики города Шымкента состоялся круглый стол на тему «Тепло сердца — старшему поколению».

🔹Основная цель мероприятия – выразить уважение представителям старшего поколения, подчеркнуть их вклад в общественную жизнь, укрепить преемственность поколений, а также прививать молодежи ценности уважения и почтительного отношения к старшим.

🔹В круглом столе приняли участие председатель городского Совета матерей Гульжан Сугирбаева, ветераны – члены Совета матерей, а также ряд активных женщин-ветеранов, принимающих участие в общественной работе.

🔹«Уважаемые женщины-ветераны, искренне поздравляю вас с 1 октября – Днем пожилых людей! Ваш жизненный опыт, мудрость и наставления – бесценное достояние для подрастающего поколения. Ваш труд, направленный на сохранение семейного благополучия, укрепление единства страны и стабильности общества, всегда заслуживает уважения. Пример старшего поколения – золотая нить в воспитании молодого поколения. Желаю вам крепкого здоровья, долголетия, благополучия и достатка вашим семьям. Пусть вы всегда радуетесь успехам своих детей и внуков и пользуетесь уважением и почетом среди народа!» – сказала Гульжан Даулетбековна.

🔹В завершение мероприятия ряду женщин-ветеранов, активно участвующих в общественной работе и внесших вклад в деятельность Совета матерей, были вручены Благодарственные письма.

Пресс-служба КГУ «Қоғамдық келісім» управления внутренней политики города Шымкента