Бүгін Шымкент қаласындағы №2 кітапхана бөлімшесінде «Жыр алыбы – Жамбыл» атты әдеби кеш өтті.
Іс-шараға кітапхана қызметкерлері, ұстаздар, оқушылар және Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Шымкент қалалық татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің өкілдері қатысты.
Іс-шара қазақ халқының ұлы ақыны, жыр алыбы, айтыс өнерінің дүлдүлі Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығын насихаттауға, жас ұрпақтың рухани дүниесін байытуға, ұлттық әдебиетке деген құрметін арттыруға бағытталды.
Оқушылар Жамбылдың өлеңдерін мәнерлеп оқып, домбырамен күй орындады. Қазақтың қоңыр үні, ұлттық өнері кеш мазмұнын байытып, қатысушыларға рухани ләззат сыйлады. Сонымен қатар жас өнерпаздар арасында шағын айтыс ұйымдастырылып, суырыпсалмалық өнер дәстүрі жаңғырды.
Іс-шара қорытындысында кеш қонақтары сөз сөйлеп, Жамбыл мұрасының мәңгілік құндылық екенін атап өтіп, ұрпаққа өнеге боларлық шараны ұйымдастырудағы барлық қатысушыларға алғысын білдірді.
