🔹«Авиценна» жоғары медицина колледжінің студенттерімен құқықтық сауаттылықты арттыру, әлеуметтік қауіптердің алдын алу, этносаралық келісімді нығайту және жастар арасында патриоттық құндылықтарды қалыптастыру мақсатында мазмұнды ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
🔹Кездесуге қалалық ішкі саясат басқармасына қарасты «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкері Н. Абдукаримов, «Жастар ресурстық орталығының» маманы Н. Қармантай және қалалық дін істері басқармасына қарасты «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» теологы Н. Арапбай қатысып, күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша баяндама жасап, студент жастармен ашық пікір алмасты.
🔹Іс-шара барысында жастарға әлеуметтік желілердегі ақпарат қауіпсіздігіне ерекше назар аудару қажеттігі түсіндірілді. Атап айтқанда, ұлтаралық және діни алауыздықты қоздыратын әрекеттерге жол бермеу, қоғамдағы татулық пен бірлікті сақтау, жалған (fake) ақпараттарға сын көзбен қарау мәселелері кеңінен сөз болды. Сонымен қатар, Отан алдындағы әскери борышты өтеудің маңыздылығы, құқық бұзушылықтың алдын алу және кереғар діни ағымдардың ықпалынан сақтану бағытында нақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
🔹Кездесу соңында қатысушылар Қазақстан халқы Ассамблеясының «Елтану» ағартушылық жобасы туралы жан-жақты ақпарат беріп, жастарды аталған жобаны бірлесе жүзеге асыруға шақырды.
