ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДАҒЫ 7 КӨШЕГЕ ЖАРЫҚТАНДЫРУ ОРНАТЫЛДЫ

Шымкент қаласының дамуы мен тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру – қала билігінің басты басымдықтарының бірі. Қаланың инфрақұрылымын дамыту, қоғамдық кеңістіктердің қауіпсіз әрі ыңғайлы болуын қамтамасыз ету – қала әкімдігі үшін тұрақты стратегиялық бағыт болып саналады. Осы орайда, әкімдік халықтың ұсыныстарын назардан тыс қалдырмай, нақты іс-әрекетке айналдыруды жүйелі түрде жүзеге асыруда. Жуырда қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің Еңбекші ауданы тұрғындарымен көшпелі кездесуі өтті. Кездесу барысында тұрғындар бірнеше көшелерді жарықтандыру қажеттігін айтып, өз ұсыныстарын жеткізді. Әкімдік бұл мәселені дереу қарастырып, тиісті жұмыстарды ұйымдастыруға нақты тапсырма берді. Нәтижесінде Жастар көшесінің 7 тұйық көшесіне заманауи жарықтандыру жүйелері орнатылды, жарық бағаналары іске қосылды. Жарықтандыру жұмыстары тек қала көркін жақсартып қана қоймай, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, түнгі уақытта еркін әрі жайлы жүріп-тұруға мүмкіндік береді. Заманауи жарықтандыру жүйелері қоғамдық кеңістіктердің функционалдығын арттырып, жол қозғалысын реттеуге де септігін тигізеді. Бұл өз кезегінде көлік қауіпсіздігін жақсартып, жол-көлік оқиғаларының алдын алады, тұрғындардың түнгі уақытта да қауіпсіз қозғалуына жағдай жасайды. Сонымен қатар, мұндай шаралар Шымкенттің урбанистикалық дамуына және қалалық инфрақұрылым сапасының артуына нақты үлес қосады. Қаладағы барлық тұрғын алаптарда қауіпсіз, жарықтандырылған жолдар мен көшелерді ұйымдастыру – қала тұрғындары үшін жайлы, қолжетімді, сапалы қалалық орта қалыптастыруға бағытталған кешенді шаралардың бір бөлігі. Қала әкімдігі тұрғындардың өтініштерін жылдам қарастыру арқылы олардың қажеттіліктеріне жедел жауап беруге ерекше мән береді. Мұндай жобалар қалалық инфрақұрылымды заманауи стандарттарға сай жаңарту, қауіпсіздік пен қолайлылықты қамтамасыз ету, сондай-ақ қоғамдық кеңістікті жақсарту бағытындағы маңызды қадамдардың бірі болып отыр. Алдағы уақытта да Шымкент қаласы билігі тұрғындардың ұсыныстары мен қала дамуы стратегиясына сәйкес жарықтандыру және басқа да инфрақұрылымдық жобаларды жүйелі түрде жүзеге асыруды жалғастырады. Бұл шаралар Президент тапсырмаларын орындау аясында жүзеге асырылып, қаланың әлеуметтік және экономикалық дамуына нақты үлес қосады, тұрғындардың әл-ауқатын арттырып, қалалық ортаны жайлы және қауіпсіз етеді.