«Біз біргеміз» достық лагері аяқталғаннан кейін қатысушылар «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында жастар лагерь аумағы мен оның айналасын тұрмыстық қалдықтардан тазартып, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты.

Акцияның негізгі мақсаты – жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатқа жанашырлықпен қарау және қоршаған ортаны қорғау құндылықтарын насихаттау.
