«Адалдық үні» – адалдықты дәріптеген өнер байқауы!

«Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» жобасы аясында «Адалдық үні» («Голос честности») атты музыкалық шығармалар мен әндер байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты – жастар мен өнер өкілдерінің шығармашылығы арқылы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

Байқаудың негізгі міндеттері:
Адалдық, әділдік және парасаттылық құндылықтарын насихаттау;
Қоғамда құқықтық сана мен белсенді азаматтық ұстанымды нығайту;
Талантты орындаушыларды қолдау және ынталандыру.

Қатысушылар өз шығармалары арқылы адалдықтың маңызын көркем тілмен жеткізіп, қоғамда әділдік қағидаттарын дәріптеді. Байқау жас таланттардың өнерін шыңдап қана қоймай, олардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға ықпал етті.

Байқаудың жүлде қоры:

I орын — 200 000 теңге
II орын — 150 000 теңге
III орын — 100 000 теңге

Өнер арқылы адалдықты ұлықтаған барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз! Адал қоғам – жарқын болашақтың кепілі!