🔹 Шымкент қаласының Абдулабад тұрғын алабында қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты нығайтуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
🔹 Жиын барысында қоғамдық тұрақтылықты сақтау, азаматтар арасындағы өзара құрмет пен түсіністікті қалыптастыру, құқықтық және діни сауаттылықты арттыру, сондай-ақ түрлі түсініспеушіліктердің алдын алу мәселелері талқыланды.
🔹 Кездесуде ақпараттық кеңістіктегі тұрақтылықты сақтау, діни мәселелерге қатысты сауатты көзқарас қалыптастыру және қоғамдағы өзара жауапкершілікті күшейту жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
🔹 Іс-шараға Шымкент қаласы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ бөлім эксперті Нұржан Кеңесұлы Әбдікәрім, «Қоғамдық келісім» КММ жанындағы Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Батырбек Жалмұрзаев, қалалық дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Нұрдәулет Аманкелді, Абдулабад тұрғын алабының биі, медиатор Тұрсын Рахманшиков қатысты.
🔹 Мамандар тұрғындарға қоғамдық татулықты сақтау мен өзара сыйластықтың маңызын түсіндіріп, құқықтық және діни сауаттылықты арттыруға қатысты өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
🔹 Кездесу соңында тұрғындар тарапынан сауалдар қойылып, мамандар жауап берді. Жиын барысында жас ұрпақ тәрбиесіне көңіл бөлу, қоғамдық келісім қағидаттарын сақтау және азаматтар арасындағы өзара түсіністікті нығайту жөнінде ұсыныстар айтылды.

