Бүгін Достық үйінде 10 тамыз – Абай күніне орай «Абай мұрасы – ұлт руханиятының темірқазығы» атты танымдық-мәдени кеш өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – ұлы ақын, ойшыл әрі ағартушы Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттап, оның білім, ғылым, еңбек, адамгершілік, әділет пен елдік туралы тағылымды ойларын дәріптеу.
Кеш барысында қатысушыларға Абайдың өмірі мен шығармашылық жолы туралы презентация ұсынылып, ақынның музыкалық мұрасынан әндер орындалды. Сонымен қатар, Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінен көркем үзінділер оқылып, ұлы ойшылдың рухани мұрасының бүгінгі қоғам үшін маңызы кеңінен сөз болды.
Іс-шара барысында Абайдың әділет, жауапкершілік, адалдық және адамгершілік туралы ойлары қазіргі қоғамдағы құқықтық мәдениет және заң үстемдігі қағидаттарымен сабақтастыра қарастырылды.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциясы, конституциялық даму және азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне арналған тақырыптық баяндама жасалып, ұлттық руханият пен құқықтық мәдениеттің өзара байланысы атап өтілді.

