Қазақстандық блогерлер 12 жылдан кейін дүркіретіп үйлену тойын жасады

Қазақстандық ерлі-зайыпты блогерлер Ерболат Жаңабылов пен Эльмира Төлегенова 12 жылдан кейін дүркіретіп үйлену тойын жасады. Олар салтанатты кештен әсерлі фото, видеоны әлеуметтік желіде бөлісті.

Айта кетейік, Ерболат Жаңабылов пен Эльмира Төлегенованың бірге қол ұстасып жүргендеріне 12, заңды некеге тұрып, отбасын құрғандарына 10 жылдың жүзі болған. Бүгінде олардың үш баласы бар. Алайда жұбайлардың дүркіретіп той жасауға сол уақытта қаржылық жағдайы келмеген.