ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ САПАСЫН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҮЙЕЛІ АГРАРЛЫҚ САЯСАТ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

Түркістан облысында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту және қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын арттыру бағытында ауқымды әрі кешенді жұмыстар қолға алынуда. Биыл өңірде ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 13 мың гектарға ұлғайып, жалпы 919 мың гектарды құрайды. Бұл – өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, ішкі нарықты отандық сапалы өніммен қамтуға бағытталған нақты қадамдардың бірі.

Егіс құрылымында жаздық дақылдар 536 мың гектарды, күздік егіс 208 мың гектарды, ал көпжылдық ескі жоңышқа алқаптары 175 мың гектарды алып отыр. Мұндай теңгерімді құрылым топырақ құнарлылығын сақтау, өнім сапасын арттыру және ұзақ мерзімді аграрлық тұрақтылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Көктемгі дала жұмыстарын сапалы ұйымдастыру мәселесі Түркістан облысы әкімі аппаратының апталық мәжілісінде кеңінен қаралды. Мәжілісте облыс әкімі Нұралхан Көшеров жауапты басқармалар мен аудан, қала әкімдеріне егіс жұмыстарын агротехникалық талаптарға сай, белгіленген мерзімде және сапалы үйлестіру жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Файзулла Байдуллаевтың мәліметінше, биыл егіс құрылымын қалыптастыру кезінде нарық сұранысына ие, рентабельділігі жоғары әрі құрғақшылыққа төзімді дақылдарға басымдық берілген. Атап айтқанда, мақта алқабы 18 мың гектарға ұлғайып, 162 мың гектарды, жүгері 16 мың гектарға артып, 55,2 мың гектарды, ал майлы дақыл саналатын мақсары 14 мың гектарға көбейіп, 85,5 мың гектарды құрайды. Бұл дақылдар өңірде өндірілетін өнімнің сапасын арттырып қана қоймай, экспорттық әлеуетті де күшейтеді. Ал бидай егісі 24 мың гектарға қысқартылып, 216,3 мың гектар көлемінде орналастырылады.

Жалпы өнім көлемін екі есеге арттыру жөніндегі жол картасы аясында өңірде күріш дақылын 3,5 мың гектарға орналастыру жоспарланған. Алайда трансшекаралық өзендердегі су тапшылығына байланысты биыл күріш егісі тек Шардара ауданында жүргізіледі. Бұл – су ресурстарын ұтымды пайдалану және өнім сапасын сақтауға бағытталған маңызды шешім.

Жүгері мен мақсары сияқты басым дақылдардың өндірісін ынталандыру мақсатында мемлекеттік қолдау тетіктері күшейтілді. Атап айтқанда, «Басым дақылдардың өндірісін дамытуды субсидиялау» бағдарламасы аясында жүгеріге берілетін субсидия көлемі тоннасына 10 мың теңгеден 30 мың теңгеге дейін артты. Ал мақсары дақылына арналған субсидия 25 мың теңгеге дейін ұлғайтылды. Бұл шаралар шаруалардың заманауи агротехнологияларды енгізуіне және сапалы өнім өндіруіне тікелей ықпал етеді.

Қазіргі таңда облыс бойынша жер жырту жұмыстары 49 пайызға орындалса, сор шаю жұмыстары 2 пайызды құрап отыр. Агротехникалық талаптарға сәйкес, жер жырту наурыз айында, ал сор шаю жұмыстары 20 ақпанға дейін аяқталуы тиіс. Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдарға жұмыстарды белгіленген мерзімде толық аяқтау тапсырылды.

2026 жылғы дала жұмыстарына арналған жеңілдетілген жанар-жағармай көлемі 106,3 мың тонна деп белгіленіп, өтінімдер желтоқсан айында қабылданды. Дизель отынын босату ақпан айынан басталады. Сонымен қатар минералдық тыңайтқыштармен қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттен 9,5 млрд теңге қарастырылып, 134 мың тонна тыңайтқыш енгізу жоспарланған. Ауыл шаруашылығы министрлігінің жол картасына сәйкес, жыл соңына дейін өңірде 203,5 мың тонна минералдық тыңайтқыш пайдаланылады. Қазіргі уақытта қоймаларда 25 мың тонна тыңайтқыш қоры жинақталға