Бүгін Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясындағы сенбілік ұйымдастырылып, тазалық жұмыстары жүйелі түрде жүргізілді.
«Қоғамдық келісім» КММ ұжымы бұл жолы Сайрам көшесі мен Жібек жолы көшесінің қиылысында ауқымды тазалық жұмыстарын қолға алып, белгіленген аумақты толықтай ретке келтірді.

Қызметкерлер ұйымшылдық пен жауапкершіліктің үлгісін көрсетіп, көшелер мен арық жүйелерін қоқыстан тазартып, қаланың көркеюіне нақты үлес қосты.
Әрбір атқарылған іс — ортақ мақсатқа қосылған маңызды қадам. Ұжымның белсенділігі мен жоғары жауапкершілігі сенбілік жұмыстарының нәтижелі өтуіне негіз болды.
